Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы

    Басқарма туралы

    «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұрғындарды медициналық қызметпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласында мемлекеттік басқару қызметіне және облыстың денсаулық сақтау жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.

    Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің тізімі

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Бос лауазымға орналасуға Конкурс

    Бос лауазымға орналасуға Конкурс «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талғар орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды Мекен жайы : Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қ., Наурызбай батыр көшесі 47, пошта индексі: 041600, эл. поштасы: [email protected], телефоны 8(72774) 3 05 92 "Талғар аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы. Аурухана 12 клиникалық бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысы негізгі қызметтерді орындайды: қабылдау бөлімі, терапиялық бөлімше, хирургиялық бөлімше, жұқпалы аурулар бөлімі, жүкті әйелдердің патологиясы бөлімі, гинекологиялық бөлімше, босану бөлімі, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімі, балалар бөлімі, оңалту бөлімі, неврологиялық бөлімше. Аурухана диагностика және емдеуге арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған. Лауазымдық міндеттері: Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады. Кәсіпорын қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың өзара іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оның қарамағындағы тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады. Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады. Кәсіпорын қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Кәсіпорынды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді. 3.Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат); - немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; - немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; - басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген); - қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; - денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; - басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау; - медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы; - денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер; - халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері; - отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары; - төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру. Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды: 1) он сегіз жасқа толмаған; 2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Конкурсқа қатысуға өтінім; мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; кез келген нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 2) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және бұзу туралы бұйрықтардан үзінді көшірме немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат; 3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/у нысанындағы денсаулығы туралы анықтама (қайта тіркелген) № 6697 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі; 4) соттылығының жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы. 5) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайы бойынша Кәсіпорынға құжаттарды электронды түрде береді. 6) Құжаттардың түпнұсқасы сұхбат басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. Егер олар ұсынылмаса, ниет білдіруші конкурстан өтуге жіберілмейді. Құжаттарды қабылдау және конкурсқа қатысуға өтінімдер беру уақыты: Құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады 7 . Конкурс өткізу күні: - құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде; - хабарлама телефон арқылы, электронды адреске және қатысушылардың ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады. Әңгімелесу мынадай кезеңдерден тұрады: 1) Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы; 2) кандидаттың құзыретін бағалау. Конкурс өткізу орны Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қ., Наурызбай батыр көшесі 47, пошта индексі: 041600, эл. поштасы: [email protected], телефоны 8(72774) 3 05 92

    23 қаңтар 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Бос лауазымға орналасуға Конкурс (Жамбыл аудандық орталық ауруханасы")

    Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жамбыл орталық аудандық ауруханасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Жаңақурылыс көшесі14 А, почта индексі 040600, телефон 8 (72770) 2-79-89, е-mail: priemnaya@ jambyl - crb . kz ШЖҚ «Жамбыл орталық аудандық ауруханасы» МКК – Алматы облысы, Жамбыл ауданы тұрғындарына көпбейінді мамандандырылған жоғары технологиялық жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсетеді. 12 клиниқалық бөлімше бар: қабылдау бөлімшесі, терапия, хирургия, реанимация, инфекциялық, жүкті әйелдер патологиясы, гинекология, босану бөлімі, жаңа туған нәрестелер патологиясы, балалар, оңалту, неврологиялық бөлімдері бар. 2.Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат); - немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; - немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; - денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; - басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. 3.Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген); - қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; - денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; - басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау; - медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы; - денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер; - халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері; - отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары; - төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру. 4.Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды: 1) он сегіз жасқа толмаған; 2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Конкурсқа қатысуға өтінім; мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; кез келген нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 2) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және бұзу туралы бұйрықтардан үзінді көшірме немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат; 3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/у нысанындағы денсаулығы туралы анықтама (қайта тіркелген) № 6697 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі; 4) соттылығының жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы. 5) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайы бойынша Кәсіпорынға құжаттарды электронды түрде береді. 6) Құжаттардың түпнұсқасы сұхбат басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. Егер олар ұсынылмаса, ниет білдіруші конкурстан өтуге жіберілмейді. Құжаттарды қабылдау және конкурсқа қатысуға өтінімдер беру уақыты: Құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады Конкурс өткізу күні Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде. Хабарлама телефон арқылы, электронды адреске және қатысушылардың ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады. Конкурс өткізу орны Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Жаңақурылыс көшесі14 А, почта индексі 040600, телефон 8 (72770) 2-79-89, е-mail: priemnaya@ jambyl - crb . kz

    9 шілде 2024 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Бос лауазымға орналасуға конкурс

    Бос орынға к онкурс Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды: Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қ, Қонаев көшесі 97, почта индексі 041600, телефон +7 701 366 0510 е-mail: [email protected] ШЖҚ "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" , облыстық деңгейде психиатрия, психотерапия және наркология саласындағы амбулаториялық және стационарлық мамандандырылған медициналық қызметінде тегін көмек көрсетеді. 2.Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: - "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат); - немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; - немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; - денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; - басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген); - қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; - денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; - басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау; - медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы; - денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер; - халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері; - отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары; - төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру. Лауазымдық міндеттері: Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың өзара іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оның қарамағындағы тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды: 1) он сегіз жасқа толмаған; 2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Конкурсқа қатысуға өтінім; мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; кез келген нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 2) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және бұзу туралы бұйрықтардан үзінді көшірме немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат; 3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/у нысанындағы денсаулығы туралы анықтама (қайта тіркелген) № 6697 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі; 4) соттылығының жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы. 5) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайы бойынша Кәсіпорынға құжаттарды электронды түрде береді. 6) Құжаттардың түпнұсқасы сұхбат басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. Егер олар ұсынылмаса, ниет білдіруші конкурстан өтуге жіберілмейді. Құжаттарды қабылдау және конкурсқа қатысуға өтінімдер беру уақыты: Құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады 8 . Конкурс өткізу күні Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде. Хабарлама телефон арқылы, электронды адреске және қатысушылардың ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады. Конкурс өткізу орны Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қ, Қонаев көшесі 97, почта индексі 041600, телефон +7 701 366 0510 е-mail: [email protected]

    5 шілде 2024 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Әйел жүктілігі бойынша қандай мерзімде тіркелуі керек

    Жауап

    "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 81-бабына сәйкес жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін тіркелген жерінде медициналық тіркеуге тұруға және жүктілік кезінде, босану кезінде және босанғаннан кейін дәрігердің ұсынымдарын орындауға міндетті.

    Сұрақ

    Басқа қаладан келген адамдарға емханадан уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашу тәртібі?

    Жауап

    Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы емдеуге жатқызылған жағдайда - ауруханаға жатқызылған күнінен бастап, амбулаториялық жағдайда - тіркелген жері бойынша (басқа қаладан келген адам - емдеу орны бойынша) амбулаториялық көмек көрсететін медициналық ұйымда, жарақат бөліміне және жедел жәрдем қызметіне қабылданған күні көрсетілген медициналық ұйымдарға тіркелгенін растайтын анықтамалар негізінде беріледі. Басқа қаладан келген адам, көрсеткіштер болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алуға құқығы бар.

    Сұрақ

    Алматы облысында тұратын, алайда Алматы қаласында тіркелген азамат, тұрғылықты жері бойынша емханаға қалай тіркеле алады?

    Жауап

    Егер адам Алматы қаласында тіркелген болса, алайда Алматы облысында тұрса, онда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 "Халықты тіркеу ережелерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес тұрғылықты жері өзгерген кезде, жаңа тұрғылықты жеріне келген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде уақытша тұру үшін уәкілетті органға құжат тапсырады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына (емханаларға) жеке тұлғаларды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы орналасқан емханаға, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген ережелерге сәйкес, азамат тұрғылықты жерінің емханасына өз бетінше немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беру арқылы тіркеле алады.

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында тіркелмеген және Қазақстан ұлттық дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттар мен тіркелмеген медициналық бұйымдарды нақты пациенттің өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек (орфандық) аурулары және (немесе) жай-күйі бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін қолданудың тәртібі қандай?

    Жауап

    Орфандық аурулары бар науқастар жергілікті бюджет қаражаты және «Қазақстан халқына» қоры арқылы қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайлар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ142 Бұйрығы аясында бекітілген «Республикада тіркелмеген дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды нақты науқастың өмірлік көрсеткіштері бойынша немесе сирек (орфандық) аурулары бар шектеулі науқастар тобын емдеу үшін қолдану ережелері» арқылы реттеледі. Жүгіну және келісу тәртібі: Тіркелмеген дәрі-дәрмек немесе медициналық құрал қолданғысы келетін медициналық ұйым жергілікті денсаулық сақтау басқармасына негізделген хат жолдайды, онда аурудың сипаты (мысалы, сирек немесе өмірге қауіп төндіретін жағдай), қажетті науқастар саны, препарат немесе құрал көлемі көрсетіледі. Қажет болған жағдайда иммунобиологиялық құралдар санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жауапты органмен қосымша келісіліп бекітіледі. Денсаулық сақтау басқармасы мақұлдағаннан кейін тіркелмеген препарат немесе құрал «Дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды импорттау-экспорттау ережелеріне» сәйкес әкелінеді. Пациентті ақпараттандыру және келісім алу: Тіркелмеген дәрі-дәрмекті тағайындайтын дәрігер пациентті (немесе заңды өкілдерін) оның мүмкін пайдасы мен тәуекелдері, қауіпсіздігі, күтілетін тиімділігі және баламалы емдеу нұсқалары туралы толық хабардар етуге міндетті. Пациенттің немесе оның өкілдерінің жазбаша хабардар келісімі қажет. Кәмелетке толмағандар немесе сот шешімі бойынша заңсыз деп танылған адамдар үшін келісім заңды өкілдері арқылы беріледі. Егер заңды өкілдер жоқ болса — шешімді дәрігерлік комиссия (консилиум) қабылдайды. Шұғыл жағдайларда (мысалы, пациент комада болса, өз еркін білдіре алмайтын жағдайда) алдын ала келісімсіз қолдануға рұқсат беріледі, бірақ кейін медициналық ұйым басшылығын хабардар ету қажет. Бақылау және тексеру: Сатып алу жүргізілгеннен кейін дәрі-дәрмектер медициналық ұйымдарға жеткізіледі. Кәсіптік-құқықтық медициналық фармацевтикалық департамент (ҚҚМФД) барлық нормалар мен стандарттардың сақталуын тексеріп, берілетін дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды жүзеге асырады.

    Сұрақ

    Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру бойынша іс-шаралар қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Медициналық ұйымдарда жарақтандыруды жоспарлау Қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандыру үшін медициналық техникаға қажеттілік өтінімін қалыптастырады Денсаулық сақтау басқармасына бекітілгеннен кейін денсаулық сақтау басқармасы мен денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай дистрибьютор мен медициналық ұйымдардың сатып алу рәсімін жүргізу үшін жібереді. Бақылау және тексеру. Бірыңғай дистрибьютор сатып алғаннан кейін медициналық техниканы жеткізушілер медициналық ұйымдар бойынша жеткізеді, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бақылауын жүзеге асырады, барлық нормалар мен стандарттардың сақталуын тексереді, сондай-ақ ұсынылатын медициналық техниканың сапасын бақылайды.

    Сұрақ

    Емханада тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектер болмаған жағдайда оларды қалай алуға болады?

    Жауап

    Емханада Сізге тиесілі дәрі-дәрмектер болмаса, келесі әрекеттерді жасауға кеңес береміз: Дәріхана пунктінің меңгерушісіне немесе медициналық ұйым басшылығына дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі-дәрмектерді беру туралы жазбаша өтінішпен жүгініңіз. Медициналық ұйым дәрінің жоқ болу себептері мен жеткізу мерзімдері туралы түсініктеме беруге міндетті. Өзіңізді «кешіктірілген қамтамасыз ету» журналына (немесе электронды реестрге) енгізуді талап етіңіз, бұл дәрінің емхана қоймасына келген соң дереу берілуін қамтамасыз етеді. Егер емхана тарапынан жауап болмаса немесе қамтамасыз ету мерзімі бұзылса, келесі мәліметтерді көрсетіп Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасына жүгініңіз: толық аты-жөні, ЖСН, дәрінің атауы және емхананың атауын көрсете отырып, өтінішті беруге болады: – eGov электронды үкімет порталы арқылы; – жеке келіп немесе хат жолдау арқылы. Қажет болған жағдайда Денсаулық сақтау басқармасы тексеру жүргізеді және емханаға Сізге қажетті дәрі-дәрмектерді қамтамасыз етуге тиісті тапсырмалар береді. Денсаулық сақтау басқармасы тегін дәрі-дәрмектердің уақтылы берілуін бақылап, пациенттердің құқықтары бұзылған жағдайда шаралар қолданады.

    Ақпарат

    2026 жылдың 09 ақпанындағы №27-Ө «Алматы облысының 2026 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда төсек бейіндері бөлінісінде төсек қорын айқындау туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    2026 жылдың 09 ақпанындағы №27-Ө «Алматы облысының 2026 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда төсек бейіндері бөлінісінде төсек қорын айқындау туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    Жарияланды:
    Хаттама

    № 6 конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

    Протокол заседания конкурсной комиссии № 6

    Жарияланды:
    Басқа

    № 5 Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

    № 5 Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Алматы облысында 2027 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда төсек-орын бейіндері бойынша төсек-орын қорын айқындау туралы»

    «Алматы облысында 2027 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда төсек-орын бейіндері бойынша төсек-орын қорын айқындау туралы»

    Жарияланды:
    Ақпарат

    № 4 Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

    № 4 Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    № 3 Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

    Протокол заседания конкурсной комиссии

    Жарияланды: