Қызметкерлер — Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы

    Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Сулейменов Ержан Абилхасимович
    Басқарма басшысы

    Сулейменов Ержан Абилхасимович

    Руководитель управления

    Ержан Абилхасимович 1979 жылы туылған, білімі жоғары, 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясын «дәрігер» мамандығы бойынша бітірген, 2015 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған.

    Онгаров Каиржан Онгарович
    Басқарма басшысының орынбасары

    Онгаров Каиржан Онгарович

    Басқарма басшысының орынбасары

    1983 жылғы 30 наурызда дүниеге келген. Жоғары заңгерлік және экономикалық білімі бар. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, аталған университеттің магистратурасын «Құқық магистрі» дәрежесімен, сондай-ақ Қызылорда экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінде, сот әкімшілігі жүйесінде, көліктік бақылау саласында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалында, сондай-ақ Қызылорда, Павлодар, Ақмола және Алматы облыстарының мемлекеттік органдарында жауапты қызметтер атқарған. Сонымен қатар Мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы директорының орынбасары, Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы, Ақмола облысы сауда департаментінің басшысы, құрылыс компаниясының бас директоры қызметтерін атқарған. 2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады.

    Жунусова Гульнара Рахимбековна
    Басқарма басшысының орынбасары

    Жунусова Гульнара Рахимбековна

    Басқарма басшының орынбасары

    Жунусова Гульнара Рахимбекқызы 1966 жылғы 25 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдап, 1993 жылы педиатрия мамандығы бойынша интернатураны аяқтаған.

    Бөлім

    6

    Басқа қызметкерлер

    5
    Иманғалиева Эльмира Елубаевна
    Қызметкерлер

    Иманғалиева Эльмира Елубаевна

    Басшының орынбасары

    1969 жылы Жетісу облысы, Аксуский ауданы, Қаракөз ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Жансүгіров кентіндегі Сатпаев атындағы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, Алматы халық шаруашылығы институтының қаржы-несие факультетіне «Қаржы және несие» мамандығы бойынша оқуға түсті. 1990 жылы аталған оқу орнын тәмамдады.