Иманғалиева Эльмира Елубаевна

    Басшының орынбасары

    Иманғалиева Эльмира Елубаевна
    Заместитель руководителя управления

    Иманғалиева Эльмира Елубаевна

    Басшының орынбасары

    Өмірбаян

    1969 жылы Жетісу облысы, Аксуский ауданы, Қаракөз ауылында дүниеге келген.
    1986 жылы Жансүгіров кентіндегі Сатпаев атындағы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, Алматы халық шаруашылығы институтының қаржы-несие факультетіне «Қаржы және несие» мамандығы бойынша оқуға түсті. 1990 жылы аталған оқу орнын тәмамдады.

    Еңбек жолын 1990 жылдың қыркүйегінде Сарқан аудандық қаржы бөлімінде бастаған. Әр жылдары бас экономист, аудандық қаржы бөлімдерінің басшысы, экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ Алматы облысының қаржы басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

    2023 жылдың сәуірінен шілдесіне дейін Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін басқарды. 2023 жылдың шілдесінен бері – Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері