Жунусова Гульнара Рахимбековна

    Басқарма басшының орынбасары

    Жунусова Гульнара Рахимбековна
    Басқарма басшысының орынбасары

    Жунусова Гульнара Рахимбековна

    Басқарма басшының орынбасары

    Өмірбаян

    Жунусова Гульнара Рахимбекқызы 1966 жылғы 25 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында дүниеге келген.

    1992 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдап, 1993 жылы педиатрия мамандығы бойынша интернатураны аяқтаған.

    Еңбек жолын 1983 жылы бастап, геологиялық экспедицияларда және Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық ауруханасында еңбек етті.

    1993 жылдан бастап денсаулық сақтау саласында қызмет атқарады. 1993–2009 жылдары Іле аудандық орталық ауруханасы жүйесінде учаскелік дәрігер, жалпы практика дәрігері, педиатр, амбулатория меңгерушісі, Жетіген ауылдық ауруханасының бас дәрігері және емхана меңгерушісі қызметтерін атқарды.

    2009–2014 жылдары Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының Ана мен баланы қорғау бөлімінің бас маманы, 2014–2022 жылдары алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы болды.

    2022 жылы Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасында бөлім басшысы, кейін 2025 жылғы қазанға дейін басқарма басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

    2025 жылғы 22 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Жалпы еңбек өтілі – 42 жылдан астам, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 17 жылдан астам.

    Еңбек жолындағы жетістіктері үшін 2014 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2020 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен және 2021 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері