Онгаров Каиржан Онгарович
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1983 жылғы 30 наурызда дүниеге келген.
Жоғары заңгерлік және экономикалық білімі бар. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, аталған университеттің магистратурасын «Құқық магистрі» дәрежесімен, сондай-ақ Қызылорда экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінде, сот әкімшілігі жүйесінде, көліктік бақылау саласында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалында, сондай-ақ Қызылорда, Павлодар, Ақмола және Алматы облыстарының мемлекеттік органдарында жауапты қызметтер атқарған. Сонымен қатар Мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы директорының орынбасары, Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы, Ақмола облысы сауда департаментінің басшысы, құрылыс компаниясының бас директоры қызметтерін атқарған.
2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады.