Егер адам Алматы қаласында тіркелген болса, алайда Алматы облысында тұрса, онда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 "Халықты тіркеу ережелерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес тұрғылықты жері өзгерген кезде, жаңа тұрғылықты жеріне келген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде уақытша тұру үшін уәкілетті органға құжат тапсырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына (емханаларға) жеке тұлғаларды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы орналасқан емханаға, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген ережелерге сәйкес, азамат тұрғылықты жерінің емханасына өз бетінше немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беру арқылы тіркеле алады.