Үржар аудандық АСК-ының 07.07.2026 жылғы №12 қаулысымен бекітілген «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Жоспарына» сәйкес ағымдағы жылдың 20-шілдесінде І. Жансүгіров атындағы ОМ-де Ақжар және Үржар ауылдық округтерінің №422,423,424,425,426,429,430,431,432,433,434,435 және 436 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерімен «Дауыс беру күніндегі рәсімдер бойынша тәжірибелік треннингтер және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.