Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

    Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

    Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға тиісті басқарма басшылары, Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қатысты.

    Жеке қабылдау барысында тұрғындар Абай мұраларын насихаттауға, танымал тұлғалар есімін ұлықтауға қатысты ұсыныстарын айтты.

    Облыс әкімі қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, тиісті басқарма басшыларына, қала әкіміне нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын, жеке бақылауында ұстайтынын айтты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының әкімдігі" жаңалықтары