2026 жылғы 30 шілдеде Ұлытау облысы Әділет департаментінің ғимаратында «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында жеке нотариустардың, адвокаттардың, жеке сот орындаушыларының және кәсіби медиатордың қатысуымен облыс тұрғындарына арналған «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.