С. Мұқанов көшесінің Баршын көшесінен Айналма жолға дейінгі учаскесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 4–5 шілде аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.