Судья мамандығына қол жеткізудің екі дербес жолы сақталған. Біріншісі – Сот төрелігі академиясында оқу, екіншісі – заң қоғамдастығының тәжірибелі өкілдері үшін жалпы біліктілік емтиханынан өту. «Жоғары Сот Кеңесі алғаш рет заң қоғамдастығы өкілдеріне арналған ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастырды. Жыл басынан адвокаттар, нотариустар, заң консультанттары және басқа да заңгерлердің қатысуымен 45 семинар өтті. Оларға 14 мыңнан астам адам қатысты. Нәтижесінде судья мамандығына қызығушылық артып, судьялыққа үміткерлер қатары тұрақты түрде көбейіп отыр», – деді спикер. Жоғары Сот Кеңесі конкурстық іріктеу жүйесін одан әрі жетілдіру жұмысын жалғастыруда. Осы мақсатта кандидаттарды бағалау өлшемшарттарын жетілдіруді, балдық бағалау жүйесін кеңінен қолдануды, сот төрелігін жүзеге асыру сапасының көрсеткіштеріне, білім және ғылыми жетістіктерге, кәсіби беделге және өзге де объективті критерийлерге басымдық беруді көздейтін қолданыстағы Регламентке өзгерістер әзірленді. Сонымен қатар соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің қызметін жетілдіруге бағытталған кешенді жұмыс жүргізілді. Бірыңғай бағалау өлшемшарттарын енгізу, қорытындылардың бірыңғай нысаны