Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

    ·

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 1 және 5-тармақтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-де 2026 жылғы шілде-тамыз айлары аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

    – Департаменттің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    – Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары