Жазғы демалыс кезеңінде балаларды жұмысқа тартуға қатаң тыйым салынады!

    ·

    ⚠️ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖҰМЫСҚА ТАРТУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

    Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандардың еңбек етуіне қатысты арнайы талаптар белгіленген.

    👧🏻 Балалардың еңбегін қорғау – баршамыздың міндетіміз!

    ❌ Кәмелетке толмағандарды:
    * ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарға;
    * түнгі уақыттағы жұмыстарға;
    * үстеме жұмыстарға;
    * еңбек жағдайы баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға тартуға жол берілмейді.

    ⏰ Жұмыс уақыты:
    * 14–16 жастағы балаларға – аптасына 24 сағаттан аспауы тиіс;
    * 16–18 жастағы жасөспірімдерге – аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс.

    👨‍👩‍👧‍👦 Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау – ата-ана, жұмыс беруші және қоғамның ортақ жауапкершілігі.

    📌 Заңды сақтайық – балалардың болашағын қорғайық!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары