
Үшарал қаласында «Таза бейсенбі» акциясы аясында сенбілік өтті
2026 жылғы 30 шілдеде Үшарал қаласында «Таза бейсенбі» санитариялық тазалық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті.
Іс-шараға 170 адам қатысып, тазалық жұмыстарына 2 «HOWO» және 3 ГАЗ-53 жүк көлігі жұмылдырылды. Нәтижесінде қала аумағынан шамамен 20 тонна тұрмыстық қалдық пен қоқыс шығарылды.
Акцияның мақсаты – қаланың санитариялық жағдайын жақсартып, тазалығы мен көркін сақтау. Бұл бағыттағы санитариялық тазалық жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.









