Талдықорғанда полицейлер мен прокурорлар профилактикалық кездесу өткізді

    Талдықорған қаласының полиция қызметкерлері қалалық прокуратурамен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жауапкершілікке тартылған тұлғалармен, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға бейім азаматтармен профилактикалық кездесу өткізді.

    Кездесу барысында қатысушыларға отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасы мүшелеріне құрметпен қарау және жанжал жағдайларына жол бермеу мәселелері түсіндірілді. Жақындары мен туыстарына қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аударылды.

    Құқық қорғау органдарының өкілдері қолданыстағы заңнама талаптарын жеткізіп, зорлық-зомбылық және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшін көзделген жауапкершілікті түсіндірді.

    Сонымен қатар қатысушыларға құқыққа қайшы мінез-құлықтың құқықтық және әлеуметтік салдары, сондай-ақ жанжал жағдайлары туындаған кезде дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы айтылды.

    Мұндай профилактикалық іс-шаралар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қайталама құқық бұзушылықтардың деңгейін төмендетуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары