Меркі ауданында егін алқаптарында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    Меркі ауданында егін алқаптарында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері егін жинау науқаны кезінде өрттің алдын алу мақсатында егін алқаптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ далада шөпті, сабанды және өсімдік қалдықтарын өртеуге жол бермеу түсіндірілді. Мамандар құрғақ шөп пен егін қалдықтарының жануы өрттің тез таралуына себеп болып, егістік пен елді мекендерге қауіп төндіретінін ескертті. Азаматтарға ашық отты пайдалануда сақ болып, өрт болған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарлау қажеттігі айтылды. Өрт қауіпсіздігін сақтау — баршаға ортақ міндет!

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары