2024 жылғы 6 ақпаннан 2026 жылғы 3 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін Шыңғыс Әрінов басқарды. Ұзақтығы 940 күнді құраған бұл кезең азаматтық қорғау жүйесін кешенді жаңғыртудың маңызды кезеңіне айналды. Өзгерістердің негізіне «ТЖМ 2.0» тұжырымдамасы алынды. Ол төтенше жағдайлардың салдарын жоюға ден қоюдан тәуекелдерді болжауға, қауіптердің алдын алуға және күштерді бірыңғай ақпараттық кеңістікте басқаруға көшуді көздеді. Жұмыс күн сайын нақты нәтижеге қол жеткізу қағидатына негізделді. Өрт сөндіру және құтқару бөлімшелеріне, әскери бөлімдерге, авиацияға, апаттар медицинасына, судағы қауіпсіздікке, өнеркәсіптік және сейсмикалық қауіпсіздікке, кадр даярлауға және ведомстволық бағынысты ұйымдарды дамытуға бірдей көңіл бөлінді. Басты басымдық адам өмірі мен жеке құрамның дер кезінде көмек көрсетуге дайындығы болып қала берді. Барлық нәтижеге ТЖМ ұжымының бірлескен жұмысы, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауы, мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен және еріктілермен өзара іс-қимылдың арқасында қол жеткізілді. Толығырақ ҚР ТЖМ ресми сайтынан оқыңыздар. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube