Статистика бүгінгі таңда мемлекеттік басқару жүйесінің айрықша маңызды саласы. Кез келген аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейдегі статистика саяси және бизнес шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын белгілеуде де аталған саланың рөлі зор. Халықаралық және ғылыми ұйымдардың, қоғамдық, халықты еңбекпен қамту, баға, инвестиция, сыртқы экономика және тағы басқалар жөнінде сапалы және жедел статистикалық ақпараттардың мемлекеттік статистика жүйесінде өзіндік орны бар.
Статистика қызметі әлеуметтік-экономикалық даму барысын барынша айқындай отырып, экономиканың қарқынын сараптап, алдағы ауқымды істі жоспарлауға ықпал етеді. Статистика қызметкерлерінің тынымсыз істері еліміздің дамуына сүбелі үлестері қосып келеді.Бүгінде ауданымыздың статистика басқармасының қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, жұмысты жүйелі ұйымдастыру жолында аянбай еңбек етіп келеді.Сала мамандарынкәсіби мерекелерімен құттықтай отырып,зор денсаулық, отбасыларына құт-береке,еңбектерінезор табыс тілейміз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









