Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттарымен кездесті. Кездесуге VIII шақырылымының облыстық мәслихат депутаты Айтбала Жолмаханова, VIII шақырылымның аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков пен мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат аппаратының және аудан әкімі аппаратының басшылары мен қызметкерлері және аудан әкімдігінің бірқатар бөлімдерінің басшылары қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімі VIII шақырылым депутаттарының атқарған жұмыстарына тоқталып, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, халықтың талап-тілегін орындау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілгенін, қоғамдық саяси салаларында шаралардың жүзеге асуына және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қосқан үлестерін атап өтті. Ел игілігі жолындағы еңбектері мен игі істері үшін VIII шақырылымның депутаттары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
VIII шақырылымының облыстық мәслихат депутаты Айтбала Жолмаханова, VIII шақырылымның аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков және бірқатар мәслихат депутаттары ізгі тілектері мен алғыстарын білдірді.








