
Бала біздің болашағымыз, жас ұрпақ тәрбиесінде мектеп пен ұстаздың алар орны ерекше. Балалардың мектепте алған рухани азығы олардың алдағы өмір жолына бағыт-бағдар бермек.Қай заманда да кез келген жетістік пен жаңалықтың басында білім менғылым тұратындығы баршамызға аян. Сол жетістік пен жаңалықты ашатынадамды, тұлғаны қалыптастыратын, ол - ұстаз.
Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бері елімізде талай жасампаз жобалар, жаңа бастамалар қолға алынды. Бұл жетістіктер өскелең ұрпақты тәрбиелеп жүрген ұстаздарымыздың еңбегі.Мұғалім мамандығы даналық пен жастықтың отын, шығармашылық пен күш-қуатты, мейірімділік пен қаталдықты үйлестіреді.
Мемлекет басшысы ұстаздар қауымына әрқашан зор құрмет көрсетіліп, олардың мәртебесі қашанда биік болатынын ерекше атап өтеді. Ұстаздар шәкірттеріне қажырлылыққа, ізгілік пен адамгершіліккке баулиды, табандылықпен еңбек етіп, биік мақсаттар қоюды үйретеді. Мұғалімнің еңбегі қадірлі, әрі жауапты.
Елімізде білім саласын дамытуға мемлекет тарапынан баса назар аударылып келеді. Білім берудің жаңа инновациялық даму жүйесі қалыптасуда. Бұл ел ертеңі, ұлт болашағы - жастарға жасалған қамқорлық.Еліміздің ертеңгі болашағы - жас жеткіншектердің тәрбиесіне бар саналы ғұмырын арнап жүрген ұстаз еңбегі әрқашанда шынайы құрметке лайық.
Ұстаздарымызғажаңа бастамаларда сәттілік,ізгілік пен ізденісті жоғары қойып, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беретін игі қызметтеріне табыс тілейміз. Б ілімді, бәсекеге қабілетті жастарымыз көп болсын .









