ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Риддер қаласындағы уақытша ұстау изоляторындағы (УҰИ) ұстау жағдайларына қатысты ҚР Үкіметіне жолдаған ұсынымын орындау мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігінің, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің, Риддер қаласы әкімдігінің өкілдерімен және Риддер қаласы полиция бөлімінің бастығымен бірлесіп, аталған мекемеге барып, үй-жайларына тексеру жүргізілді.

    УҰИ-дағы ұстау жағдайларына қатысты проблемалық мәселелерді қарау қорытындысы бойынша ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Д.Б. Сапановпен желдету жүйесін жөндеу және терезелерді орнату жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу мәселесі бойынша кездесу өткізілді.

    Шешім: сметаға сәйкес УҰИ үй-жайларына терезелер орнатуға, желдету жүйесін және ыстық сумен қамтамасыз ететін бойлерді жөндеуге қаражат бөлінетін болады.

    P.S. Риддер қаласындағы УҰИ-дағы ұстау жағдайлары санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың өрескел бұзылуына байланысты Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық және Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) атынан құқық қорғаушылар тарапынан бірнеше рет сынға алынды.

    Қазақстан Республикасының заңнамасына және ұсталған адамдармен қарым-қатынас жасаудың халықаралық стандарттарына сәйкес, УҰИ-дың әрбір камерасында таза ауаға (тиімді желдету жүйесіне) және табиғи жарыққа (тиісті көлемдегі терезелерге) қолжетімділік қамтамасыз етілуге тиіс.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі" жаңалықтары