🚨 Кедендік бақылаудан кейінгі бақылау: негізгі бұзушылықтар және жауапкершілік.

    🚨 Кедендік бақылаудан кейінгі бақылау: негізгі бұзушылықтар және жауапкершілік.

    📢 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

    Тауарлар шығарылғаннан кейін де кеден органдары бақылауды жалғастырады. Кедендік бақылаудан кейінгі бақылау барысында жиі кездесетін бұзушылықтар:

    📦 Тауарларды СЭҚ ТН бойынша дұрыс сыныптамау — сыныптау қағидаларын дұрыс қолданбау салдарынан тауардың дұрыс емес кодын көрсету.

    💳 ҚҚС-ты есепке жатқызу әдісімен қолдану кезіндегі бұзушылықтар — оның ішінде ҚҚС төлеу тәсілі өзгерген кезде қажетті түзетулерді енгізбей тауарларды өткізу.

    💰 Тауарлардың кедендік құнын дұрыс көрсетпеу — кедендік құнды айқындау әдісін дұрыс таңдамау, оның құрылымы мен мөлшерін дұрыс анықтамау, сондай-ақ мәліметтерді құжатпен растамау.

    ✅ Декларант қандай жағдайда жауапкершілікке тартылмауы мүмкін?

    ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінің 150-бабында әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары көзделген. Атап айтқанда:

    🔹 бұзушылықты тауар шығарылғанға дейін өз бетінше анықтап, жою;

    🔹 кеден органының хабарламасы бойынша бұзушылықты белгіленген мерзімде жою;

    🔹 заңда белгіленген талаптарды сақтай отырып, талап қою мерзімі ішінде бұзушылықты ерікті түрде жою;

    🔹 егер өзгерістер төлемдер мөлшеріне және тыйымдар мен шектеулердің сақталуына әсер етпесе, кедендік декларациядағы қателерді түзету;

    🔹 егер есептелген төлемдер сомасы 500 АЕК-тен аспаса, қосымша есептелген сомаларды белгіленген мерзімде толық төлеу;

    🔹 электрондық декларациялау ақпараттық жүйесінде туындаған және уәкілетті орган растаған техникалық ақаулар.

    📌 Маңызды! Заңда көзделген жағдайларда бұзушылықтарды уақтылы анықтап, жою әкімшілік жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары