Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңес өтті.

    Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңес өтті.

    Кеңес барысында Шортанды ауданының нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындау барысы қаралды. Білім беру, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау нысандарының дайындығы, сондай-ақ жылыту кезеңінде олардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат тыңдалды. Сонымен қатар, аудан аумағында абаттандыру қағидаларының сақталуы мәселесі қаралды. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне заң бұзушылықтарды анықтау және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шортанды ауданының әкімдігі" жаңалықтары