30 тамызда қала күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің Солжағалық кешені аумағында жаңа экспозициялық нысан – «Ретро-музейдің» ашылу салтанаты өтті. Жаңа экспозиция келушілерді ХХ ғасырдың тарихи техника үлгілерімен таныстырады.
Маңызды мәдени шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, журналистер және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Техника – тарихтың бір бөлігі, ал тарих – ұрпақ жадында сақталатын құндылық. Енді осының барлығын бір жерден тамашалауға болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









