Агенттіктің кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеу өткізілетінін хабарлайды.

    Біз мансабыңыздың өсуіне мүмкіндігі бар кәсіби және беделді ұжымның бір бөлігі болуды ұсынамыз.

    Шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында және «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуды аяқтаған түлектерді шақырамыз.

    Сонымен қатар, FRM, CFA халықаралық сертификаттарының кемінде 1-деңгейі және (немесе) ACCA халықаралық сертификатының
    4-деңгейі бар, шет тілін меңгерген (IELTS халықаралық сертификатының болуы – 9-дан 6 төмен емес, TOEFL IBT – 120-дан 80, TCF 699-дан 400 (В2), СILS 1, HSK 11-ден 6-деңгей) жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды шақырамыз.

    Кандидаттарды таңдаудағы негізгі өлшемшарттар: тиісті білім, біліктіліктің жоғары деңгейі, халықаралық қаржылық және тілдік сертификаттардың болуы.

    Толығырақ:https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/activities/89557?lang=kk

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" жаңалықтары