2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасында электросамокаттарды пайдалану тәртібіне қатысты жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа талаптар күшіне енді.
Осыған байланысты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне электросамокаттарды басқару және олардың жол қозғалысына қатысу тәртібіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді.
Түсіндіру жұмыстары барысында тәртіп сақшыларына жаңа талаптарды күнделікті патрульдеу кезінде ескеру, электросамокат жүргізушілерінің жол қозғалысы қағидаларын сақтауын бақылау және анықталған құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігі жеткізілді.
Полиция қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі — жаңа талаптардың жол қозғалысына қатысушыларға дұрыс әрі бірізді түсіндірілуін қамтамасыз ету, электросамокаттарды пайдалану кезінде орын алуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының санын азайту.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі — ортақ жауапкершілік. Ережені сақтау — өзіңіздің және өзгелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі.
https://www.instagram.com/reel/DcilqANMlEP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==









