Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады

    Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: 2025 жылғы жеке тұлғалардың мүлік салығын 2026 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей төлеу қажет.

    Салық жылжымайтын мүлік нысанының — пәтер, үй, саяжай, гараж немесе жер учаскесінің — орналасқан жері бойынша төленеді.

    Салық сомасын қалай білуге және төлеуге болады

    Ең оңай жолы — реквизиттерді қолмен толтырмай, онлайн төлеу:

    - e-Salyq Azamat қосымшасында — «ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі»;

    - Halyk Bank, Kaspi Bank және басқа банк қосымшаларында;

    - portal.kgd.gov.kz порталында — «Сервистер» → «ЖТ алдағы төлемдері мен берешегі»;

    - Telegram-дағы SalyqBot чат-боты арқылы;

    - 1414 контакт-орталығына қоңырау шалып.

    Банк немесе банкомат арқылы төлеуге арналған деректемелер:

    - БСК (Бюджеттік сыныптау коды) – 104102

    - ТТК (Төлем тағайындау коды) – 911 (өсімпұл төлеу кезінде – 912)

    Мерзімін өткізіп алса, не болады

    2026 жылғы 2 қазаннан бастап:

    1. Банктік қызметтерді шектеу: есепшот ашу, ақша аудару немесе кредит рәсімдеу мүмкін болмайды.
    2. Өсімпұл — мерзімі өткен әр күн үшін Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасының 1,25 еселенген мөлшері.
    3. Мәжбүрлеп өндіріп алу, егер борыш 1 АЕК-тен (4 325 теңге) асса: хабарламадан кейін 30 жұмыс күнінен соң салықтық бұйрық; 5 жұмыс күні ішінде өтелмесе — жеке сот орындаушыларына. ЖСО есепшот пен мүлікті бұғаттай алады, елден шығуға тыйым сала алады. ЖСО қызметі — борыштың 25%-ына дейін.

    Төлемді кейінге қалдырмаңыз. Қосымша арқылы бұл тез әрі ыңғайлы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары