ІІМ электросамокаттарды пайдалану тәртібін түсіндірді

    ІІМ электросамокаттарды пайдалану тәртібін түсіндірді

    Қазақстанда электросамокаттарды тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарында пайдалануға заңмен тыйым салынды.

    Соңғы жылдары бұл мәселе тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп келеді. Себебі тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдары ең алдымен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз болуы тиіс. Бұл әсіресе балалар, қарт адамдар және кішкентай балаларымен жүрген ата-аналар үшін маңызды.

    Мәселенің өзектілігін жол-көлік оқиғаларының статистикасы да көрсетіп отыр. Жыл басынан бері елімізде электросамокаттардың қатысуымен 139 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде екі адам қаза тапқан.

    Айта кету керек, электросамокаттарды пайдалануға толық тыйым салынып отырған жоқ. Заңнамада оларды қай жерде және қандай тәртіппен пайдалануға болатыны нақты белгіленген. Полиция жаңа талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуде.

    Бақылау тек патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысы арқылы жүргізілмейді. Құқық бұзушылықтарды анықтау барысында бейнебақылау камералары, техникалық тіркеу құралдары және дрондар да пайдаланылады. Ал ірі қалаларда электросамокаттардың қозғалысын бақылау үшін полицияның мобильді топтары жұмыс істеуде.

    Бұл шаралар самокаттар көп пайдаланылатын орындарда құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

    Сондықтан көшеде полиция қызметкері көрінбеген жағдайда бақылау жоқ деп ойлауға болмайды. Құқық бұзушылықтар техникалық құралдардың көмегімен де тіркеліп, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

    Полиция азаматтарды белгіленген талаптарды қатаң сақтауға, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және электросамокаттарды пайдалану кезінде жаяу жүргіншілердің құқықтары мен қауіпсіздігін құрметтеуге шақырады.

    https://www.instagram.com/reel/DcfOg0hKENx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары