Зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда қайда хабарласу керек?

    Зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда қайда хабарласу керек?

    Маңғыстау облысында «Қауіпсіздік коды: 102-11-150» акциясы өтуде

    Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы хабарлайды.

    Ағымдағы жылдың 23-25 қыркүйегі аралығында Маңғыстау облысының аумағында «Қауіпсіздік коды: 102-11-150» республикалық акциясы өткізілуде.

    Осыған орай Маңғыстау облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторлары, полиция аға лейтенанты Ж. Толыбаева және полиция лейтенанты Ж. Балғожаева Ақтау қаласындағы халық көп шоғырланатын сауда орталықтарында азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтар мен отбасыларды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі ақпараттарды кеңінен насихаттау, полиция қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтармен өзара байланысты нығайту.

    Зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда қайда хабарласу керек?

    📞 102 — полицияның жедел желісі. Құқық бұзушылық туралы хабарлау және қажетті көмек шақыру үшін тәулік бойы жұмыс істейді.

    📞 111 — балалар мен ересектерге арналған ұлттық сенім телефоны.

    📞 150 — дағдарыс орталықтарының ұлттық сенім желісі. Психологиялық және құқықтық кеңес алуға болады.

    Полиция азаматтарды зорлық-зомбылыққа бейжай қарамауға және қажет болған жағдайда тиісті қызметтерге дер кезінде жүгінуге шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары