
Жаңаөзенде «Граффити» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді
Жаңаөзен қаласында есірткі заттарын насихаттайтын жазбалардың алдын алу және оларды жою мақсатында «Граффити» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға полиция қызметкерлерімен қатар қоғамдық көмекшілер де қатысып, қала аумағындағы тұрғын үйлердің қабырғалары, қоршаулар мен басқа да нысандарда орналасқан есірткі жарнамасы сипатындағы жазбаларды анықтап, жою жұмыстарын жүргізді.
Полиция тұрғындарды осындай жазбаларды көрген жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Есірткі қылмысының алдын алу – баршамызға ортақ міндет!









