Бейнеуде «Қоғамдық тәртіп – ортақ жауапкершілік» тақырыбында сурет байқауы өтті

    Бейнеуде «Қоғамдық тәртіп – ортақ жауапкершілік» тақырыбында сурет байқауы өтті

    Бүгін Бейнеу аудандық кітапханасында Бейнеу аудандық полиция бөлімі мен «Жайдарлы» ҮЕҰ-ның бірлесіп ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен жастар арасында «Қоғамдық тәртіп – ортақ жауапкершілік» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.

    Шараға аудан мектептерінен 25-ке жуық оқушы қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.

    Байқаудың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту.

    Байқау қорытындысы бойынша:

    🥇 І орын – Опорный жалпы білім беретін мектебінің «Жас сақшы» тобының мүшесі Жайыққызы Жанназ;

    🥈 ІІ орын – Лицей мектебінің оқушысы Шұғыла Сұлтанова және Қарақұм орта мектебінің оқушысы Жұлдызай Маратқызы;

    🥉 ІІІ орын – Лицей мектебінің оқушысы Әкежан Мерекеұлы және Опорный орта мектебінің оқушысы Есенғалиева Күнсұлу.

    Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

    Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары