Қауіпсіздік жобадан басталады: Шымкент қаласы ТЖД мен Сараптамалық ұйымдар палатасы меморандумға қол қойды

    Қауіпсіздік жобадан басталады: Шымкент қаласы ТЖД мен Сараптамалық ұйымдар палатасы меморандумға қол қойды

    Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Сараптамалық ұйымдар палатасының, Қалалық орта және бақылау басқармасының, сондай-ақ жобалау және сараптама ұйымдарының өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті.

    Кездесу барысында жобалау құжаттамасы мен сараптамалық қорытындыларды қарау кезінде жиі кездесетін кемшіліктер талқыланды. Атап айтқанда, қолданыстағы нормативтік талаптардың сақталуы, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау, өрт сөндіру техникасының нысандарға кіру жолдарын қамтамасыз ету және өрттен қорғау жүйелерін дұрыс жобалау мәселелеріне назар аударылды.

    Шымкент қаласы ТЖД бастығы полковник Т. Мадиев және Сараптамалық ұйымдар палатасы Басқармасының төрағасы Б.Ережепов баяндама жасады. Мамандар тәжірибелерімен бөлісіп, жобалау мен сараптама саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

    Қатысушылар өрт қауіпсіздігі талаптарын нысанды жобалау кезеңінде ескерудің маңыздылығын атап өтті. Бұл жобалық шешімдердегі ықтимал кемшіліктерді нысан пайдалануға берілгенге дейін анықтап, қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Кездесу қорытындысы бойынша Шымкент қаласының ТЖД мен Сараптамалық ұйымдар палатасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат кәсіби ақпарат пен тәжірибе алмасуды, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмысты көздейді.

    Меморандум аясындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыты - жобалау кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Бұл жобалық шешімдердің тиімділігін арттырып, нысандарды пайдалану кезінде адамдардың қауіпсіздігіне әсер ететін тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары