Диана Ерлан Алматы балалар омбудсмені қызметінен кетті

    Диана Ерлан Алматы балалар омбудсмені қызметінен кетті

    Диана Ерлан Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі қызметін аяқтады.

    «Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі ретіндегі жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым», - деп жазды Диана Ерлан. Бірлескен жұмыс үшін әріптестеріне алғыс айтты.

    Ол бұл міндетті қоғамдық негізде атқарып, қала балаларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыруға сүбелі үлес қосты.

    Оның қызмет еткен кезеңінде мектеп психологтары мен орталық мамандарының жалақысы 30%-ға өсіп, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының штат саны 12-ден 131 маманға дейін ұлғайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары