
Қария – елдің қазынасы, ұрпақтың ақылшысы. Үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың ежелден қалыптасқан салты. Ақ батасы мен өмірлік өнегесі кейінгі буынға жол көрсеткен аға буынның орны әрдайым бөлек.
Бүгін 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Темірлан ауылындағы «Мирас» мейрамханасында тағылымды іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, Түркістан облысының мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық ардагерлер төрағасы, қазыналы қариялар мен ақ жаулықты әжелер қатысты.
Іс-шара барысында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, олардың ел мен жердің дамуына қосқан елеулі үлесі атап өтілді.
Аудан әкімі Азат Оралбаев мерекеге жиналған ардагерлер мен қарияларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар бірқатар ардагерді Алғыс хатпен марапаттап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне ризашылығын жеткізді.
Жиында қариялардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолының кейінгі ұрпақ үшін маңызы айтылып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілектері білдірілді.
Мерекелік шара барысында қазыналы қарияларға сый-құрмет көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Қартын ардақтаған елдің ырысы артып, берекесі молаяды. Аға буынға құрмет көрсету – баршамызға ортақ парыз.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі









