ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС LII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

    ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС LII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

    Бүгін Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс LII сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
    Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков жүргізді.

    Жиында аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы «2026–2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

    Сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін жалға алу құқығын беру жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды) ұйымдастыру және өткізу мақсатында конкурстық комиссия құру мәселесі талқыланды.

    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала мамандары баяндама жасап, депутаттар тарапынан сауалдар қойылды. Талқылау барысында көтерілген ұсыныстар мен пікірлер ескеріліп, мәселелер жан-жақты қаралды.

    Сессия қорытындысымен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шешімдер қабылданды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары