Жаңаөзенде 13 бекіре тұқымдас балық тәркіленді

    Жаңаөзенде 13 бекіре тұқымдас балық тәркіленді

    23 қыркүйекте Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлері жедел ақпаратты тексеру барысында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтау және айналымға шығару фактісін анықтады.

    Қаладағы нысандардың бірінің маңында полиция қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Көлік салонын тінту барысында екі бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

    Одан әрі полицейлер аталған азаматтың тұрғылықты жерінде тінту жұмыстарын жүргізді. Үй ауласындағы мұздатқыш камералардан тағы 11 бекіре тұқымдас балық анықталып, тәркіленді.

    Осылайша жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде барлығы 13 бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушылыққа қатысы бар азаматтың жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді.

    Қазіргі уақытта тәркіленген балықтардың шығу тегі мен оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары