Қызылжар ауданының прокурорын тағайындау туралы

    Қызылжар ауданының прокурорын тағайындау туралы

    Бас Прокурорының бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Марат Мұхтарұлы Аюпов Қызылжар ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

    Марат Мұхтарұлы Аюпов прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2015 жылы бастаған.

    Әр жылдары Мамлют, Қызылжар аудандары прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры, Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған.

    2023 жылғы қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының лауазымын атқарған.

    Жалпы жұмыс өтілі – 22 жылдан астам, прокуратура органдарында 18 жылдан астам.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары