ДКК төрағалары мен медициналық ұйымдардың дәрігерлерімен жұмыс кеңесі өткізілді
2026 жылғы 12 қарашада медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснама және бақылау бөлімінің мамандары Zoom платформасы арқылы онлайн форматта дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың (ДКК) төрағалары мен медициналық ұйымдардың дәрігерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 260 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жіберудің негізділігі және медициналық құжаттаманы ресімдеу сапасы мәселелері қаралды.
Азаматтарды МӘС-ке жіберу кезінде белгіленген талаптардың сақталуына, ұсынылатын медициналық құжаттардың толықтығы мен дұрыстығына, сондай-ақ куәландыру жүргізуге қажетті медициналық көрсетілімдердің негізділігіне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға медициналық құжаттарды ресімдеу сапасын арттыру және медициналық ұйымдар мен МӘС бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







