АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫМЕН ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП, ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚҰРМЕТТЕУ КЕЗДЕСУ ӨТТІ!
Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл ардагерлерінің қатысуымен кездесу жиыны өтті.
Кездесуге Шет ауданының бас имамы Махамбетчин Берік Алпысбайұлы қатысып, жиын барысында жерлеу рәсімдерін өткізу тәртібі, ас беру дәстүрі, қабір қазу мәселелері және діни рәсімдерге қатысты өзге де өзекті тақырыптар талқыланды.
Кездесу барысында ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, жерлеу және ас беру рәсімдерін қалыптасқан дәстүр мен діни талаптарға сай ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









