🏆 «ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНДА – ІІІ ОРЫН!

    🏆 «ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНДА – ІІІ ОРЫН! «Жергілікті басқару Қарағанды» жобасы аясында ауылдық аймақтарды дамытуға қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі, халықпен тиімді кері байланыс орнатуы және жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдірудегі жемісті еңбегі үшін Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі Смаилов Дархан Бекдарұлы «Үздік ауыл әкімі» облыстық байқауында ІІІ орынға ие болды! 🎉 Бұл марапат – ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен ел игілігі жолындағы нәтижелі еңбегінің лайықты бағасы. Дархан Бекдарұлын жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңізге табыс, бастамаларыңызға сәттілік, ел игілігі жолындағы қызметіңізге толағай жетістіктер тілейміз! Ақсу-Аюлының абыройы асқақтай берсін! 🇰🇿 #ЖергіліктіБасқаруҚарағанды #ҮздікАуылӘкімі #АқсуАюлы #ҚарағандыОблысы #АуылДамуы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары