ЖАНАШЫР ЖҮРЕК – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ ҮЛГІСІ!

    ЖАНАШЫР ЖҮРЕК – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ ҮЛГІСІ!
    25 қазан – Республика күніне орай, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы өткізілді.
    Акция аясында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қысқы отын жеткізіліп, алдағы қыс мезгіліне дайындалуға көмек көрсетілді.
    Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығының және Шет агротехникалық колледжінің «Жігер» еріктілер тобының қатысуымен жалғызбасты ана Жукенова Анардың үйіне арнайы барып, қысқы отынға арналған ағаштарын жарып, көмек көрсетті. Бұл игі іс – жанашырлық пен қамқорлықтың, қоғамдағы өзара қолдаудың жарқын үлгісі.
    Осындай қайырымдылық шаралары көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, жастарды мейірімділікке, адамгершілікке және үлкенге құрмет, кішіге ізет танытуға тәрбиелейді.
    Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі, ал жанашырлық пен қамқорлық – қоғамды біріктіретін асыл қасиеттер. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, ізгілік пен мейірімділікті дәріптеу – баршамызға ортақ міндет.
    Мейірім бар жерде – береке бар!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары