ҚҰРМЕТТІ АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛЫНЫҢ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

    ҚҰРМЕТТІ АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛЫНЫҢ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

    Аула тазалығы – баршамызға ортақ міндет!
    Көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарынан үйден шыққан тұрмыстық қалдықтарды аула аумағында орналасқан арнайы қоқыс жәшіктеріне тастауды сұраймыз.
    ❗ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
    Қоқысты белгіленбеген орындарға, сондай-ақ қоқыс жәшіктерінің жанына:
    Ірі көлемді тұрмыстық қалдықтарды (ескі жиһаз, диван, шкаф және басқа да тұрмыстық заттар);
    Құрылыс қалдықтарын тастауға қатаң тыйым салынады.
    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңнамада белгіленген мөлшерде айыппұл салынады.
    Сонымен қатар, «Шет КоммунСервис» мекемесімен тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша келісімшарт жасамаған тұрғындардан тиісті келісімшарт жасауды сұраймыз. Қалдықтарды уақытылы шығару үшін аталған келісімшарттың болуы қажет.
    Әрбір тұрғын өз ауласының тазалығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Тұрғын үйлердің айналасын таза ұстап, қоқысты белгіленген орындарға ғана тастайық!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары