ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

    ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
    Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен округ аумағында жол бойына жақын орналасқан жеке жылқы үйірлерінің жолға шығып кетуінің алдын алу, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиын өтті.
    Жиынға ДЭУ, ЖПБ – Жол пайдалану басқармасы, Шет ауданының полиция бөлімі және ветеринариялық станция өкілдері, сондай-ақ жеке жылқы үйірлерінің иелері қатысты.
    Кездесу барысында жылқыларды қараусыз қалдырмау, олардың жолға шығуына жол бермеу, мал иелерінің жауапкершілігі және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
    Сонымен қатар, соңғы уақытта өзекті болып отырған мал ұрлығының алдын алу мәселесіне де назар аударылды. Малдың жол бойында қараусыз жүруі оның қауіпсіздігіне ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіреді.
    Малдың иесін анықтау және оның тиесілігін растау үшін малдың сәйкестендіру белгілері мен қажетті құжаттарының болуы маңызды.
    Қазіргі таңда округ аумағында малдың қозғалысын бақылау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жерде блок-бекет қойылды.
    Мал иелерін өз малдарына жауапкершілікпен қарап, оларды қараусыз қалдырмауға, жол бойына жібермеуге және жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
    Адам өмірі – ең басты құндылық!
    Қауіпсіздікке әрқайсымыз жауаптымыз!
    #АқсуАюлы #ШетАуданы #ЖолҚозғалысыҚауіпсіздігі #МалИелері #Қауіпсіздік #ЗаңЖәнеТәртіп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары