«Қариясы бар ел – қазыналы ел»

    «Қариясы бар ел – қазыналы ел»

    2026 жылдың 1 қазан күні аудандық мәдениет үйінде Қарттар күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігі мен Мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен «Қариясы бар ел – қазыналы ел» атты мерекелік концерт өтті.
    Мерекелік шараның мақсаты – елдің құрметіне бөленген ардақты қарияларға ізет көрсетіп, олардың еңбегін бағалау, үлкенге деген құрметті дәріптеу және ақсақалдарымыз бен әжелерімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
    Шара барысында Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Құрманбаев ардақты қарияларды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, береке-бірлік және ұрпақтарының қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешулерін тіледі.
    Мерекелік концерт барысында көрермендерге әндер шырқалып, күйлер орындалып, түрлі өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылды. Көңілді әуен мен әсем әнге бөленген қарияларымыздың жүздерінен қуаныш пен шаттық байқалды.
    Кеш соңында ардақты қарияларымыз өз ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
    #ҚарттарКүні #ҚариясыБарЕлҚазыналыЕл #АқсуАюлы #ҮлкенгеҚұрмет #ҚарияларғаҚұрмет БерекеБірлік МерекелікКонцерт

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары