
ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ! 1 қазан – Қарттар күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен 80 жастан асқан ардақты Ермекбаев Дәулет ақсақалға және 85 жастан асқан аяулы әжеміз Уалиева Майра апайға арнайы үйлеріне барып, мерекелік құттықтау жасалды. Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі Д. Смаилов және Ақсу-Аюлы ауылдық округі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ. Жуасбаев қарияларға ізгі тілектерін білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық пен ұрпақтарының қызығын көруді тіледі. Ардақты қарияларға арнайы құттықтау хаттары мен сыйлықтар табысталды. Қарияларымыздың өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі, ақыл-кеңесі – баға жетпес қазына. Үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Қарияларымыз аман болсын! Ақ баталарыңыз бен ізгі тілектеріңіз әрдайым ортамызда болғай! #ҚарттарКүні #ҚариясыБарЕлҚазыналыЕл #АқсуАюлы #ҮлкенгеҚұрмет #ҚарияларғаҚұрмет








