Атырауда алғашқы тұрғынға сый берілді

    Атырауда алғашқы тұрғынға сый берілді

    Атырауда бүгін маңызды күн. №241 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген Айша Шакмановаға арнайы сыйлық табысталды. Ол таңсәріден учаскеге келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.

    - Әр сайлауға алғашқылардың бірі болып келуге тырысамын. Бұл мен үшін маңызды. Өйткені бүгінгі таңдауым – балаларымның, өзімнің және елімнің болашағы үшін маңызды, – дейді Айша Шакманова.

    Алғашқы болып дауыс берген тұрғынға сыйлық табыстау – азаматтардың белсенділігін арттыруға бағытталған игі бастама. Бүгін Атырау тұрғындары да өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлесін қосуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының әкімдігі" жаңалықтары