Талас ауданында семинар өткізілді

    Жамбыл облысы бойынша Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Махатова Айсұлу Тулепбергеновна Талас ауданына іссапармен барып, медициналық ұйымдардың мамандарына арналған семинар өткізді. Семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жолдау кезінде медициналық құжаттарды дұрыс әрі сапалы рәсімдеу, пациенттерді МӘС-ке жолдау тәртібі, медициналық құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, МӘС-ке жолдау кезінде кездесетін өзекті мәселелер, медициналық құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар және медициналық ұйымдар мен МӘС бөлімдері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жолдары талқыланды. Іс-шараның негізгі мақсаты – МӘС-ке жолданатын азаматтарға қатысты медициналық құжаттардың сапасын арттыру, негізсіз жолдаулардың алдын алу және медициналық ұйымдар мамандарына әдістемелік көмек көрсету. осыны ресми орысша аударшы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары