Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу (ЖЕҚА) дәрежесі еңбек ету қабілетінен айырылуға (жоғалтуға) әкеп соққан жағдай (әлеуметтік тәуекел) туындаған кезде, ол үшін әлеуметтік аударымдар төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына белгіленеді.
Тыныс-тіршілігінің шектелуіне әкеп соққан ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын құжаттар болған кезде ЖЕҚА туындаған деп есептеледі.
ЖЕҚА туындаған кезде, ол үшін әлеуметтік аударымдар төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына ЖЕҚА дәрежесі 30-дан 100 пайызға дейінді қоса алғанда белгіленеді.
Ол үшін әлеуметтік аударымдар төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына еңбек ету қабілетінің шектелуіне әкеп соққан, жіктелімде көзделген ағза функциялары бұзылуының дәрежесі бойынша ЖЕҚА мынадай жағдайларда белгіленеді:
1. еңбек ету қабілетінің қалыпты дәрежеде шектелуіне әкеп соққан ағза функцияларының тұрақты қалыпты білінген бұзылулары кезінде – 30-дан 59 пайызға дейінді қоса алғанда;
2. еңбек ету қабілетінің айқын шектелуіне әкеп соққан ағза функцияларының тұрақты айқын білінген бұзылулары кезінде – 60-тан 79 пайызға дейінді қоса алғанда;
3. еңбек ету қабілетінің күрт шектелуіне немесе одан айырылуға әкеп соққан ағза функцияларының тұрақты айтарлықтай немесе күрт білінген бұзылулары кезінде – 80-нен 100 пайызға дейінді қоса алғанда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







