Ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер

    Ымдау тілінің машықтарын меңгерген мүгедектігі бар адамға ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға мынадай медициналық көрсетілімдер негіз болып табылады:

    1. Медициналық көрсетілімдер:

    1. керең-мылқаулық;

    2. есту протезін қолдануға жарамсыз толық кереңдік;

    3. есту протезін қолдануға жарамсыз IV дәрежедегі құлақ мүкістігі;

    4. қимылдық афазия;

    5. көмекейдің болмауы.

    2. Медициналық қарсы көрсетілімдер:

    Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емделуді талап ететін мынадай аурулар мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады:

    1. бактерия тарататын туберкулез (БК+);

    2. жұқпалы тері және шаш аурулары;

    3. жыныстық жолмен берілетін аурулар;

    4. невроздарды, невроз тәріздес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты, ұстамалары сирек (2–3 айда бір реттен аспайтын) түрлі этиологиядағы тырыспа синдромдарын, сондай-ақ жарыместіксіз және жеке тұлғаның айқын өзгерістерінсіз өтетін психикалық бұзылуларды қоспағанда, психикалық бұзылулар.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары