Мектеп формасын таңдау — баланы оқу жылына дайындаудың маңызды бөлігі. Ол тек ұқыпты әрі белгіленген талаптарға сай ғана емес, сонымен қатар баланың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Мектеп формасын таңдаудағы негізгі талаптар:
- Форма баланың өлшеміне сай болып, қимыл-қозғалысына кедергі келтірмеуі керек;
- Қауіпсіз, ауа өткізетін және жайлы матадан тігілген киімді таңдаңыз;
- Киімнің тігістері, түймелері, сыдырмалары және басқа да фурнитурасы теріні қажамауы тиіс;
- Киім жыл мезгіліне сай болуы керек, бұл баланың қызып кетуінің алдын алады;
- Таңбалауына назар аударыңыз: матаның құрамы, өлшемі, өндірушісі және күтім жасау жөніндегі нұсқаулық көрсетілуі тиіс;
- Аяқ киім ыңғайлы, өлшемі балаға сай және табаны орнықты болуы керек.








